Жолды 2026 жылғы 15 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.
Абай облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
114
оқылды

ҚазАвтоЖол Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«2026 жылғы 14 қаңтар сағат 23:30-да ауа райының бұзылуына байланысты -«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 683–768 шақырым аралығындағы учаскесінде (Таскескен ауылынан Аягөз қаласына дейін) жолаушылар тасымалдайтын рейстік автобустар мен дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына шектеу енгізіледі», - делінген хабарламада. 

Жолды 2026 жылғы 15 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған. 

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.