Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қатты аяз күтіледі, ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауады. Желдің күшеюі елдің батысында, орталық аймақтарында және оңтүстіктің кей жерлерінде болжанады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша дауылды ескертулер сақталады:
Астана қ.: 15 қаңтарда ауа температурасы түнде 26-28 градус аязға дейін күрт төмендейді.
15 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 30-35, облыстың солтүстігінде, шығысында 38 градус аязға дейін төмендейді.
15 қаңтарда Ақмола облысында ауа температурасы түнде 23-28, облыстың солтүстігінде, шығысында 35 градус аязға дейін төмендейді.
15 қаңтарда Павлодар облысында ауа температурасы түнде 30-35, облыстың солтүстігінде 38 градус аязға дейін төмендейді.
15 қаңтарда Абай облысында ауа температурасы түнде 30-35 градус аязға дейін төмендейді.
15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде 30-35, облыстың шығысында 38 градус аязға дейін төмендейді.
15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы түнде және күндіз 10-15 градус аязға дейін күрт төмендейді.
15 қаңтарда Ақтөбе облысында ауа температурасы түнде 17-22 градус аязға дейін күрт төмендейді.
Солтүстік Қазақстан облысында 13-17 қаңтар аралығында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында 14-18 қаңтар аралығында, Павлодар облысында 14-21 қаңтар аралығында, Шығыс Қазақстан облысында және Абай облысында 15-22 қаңтар аралығында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 16-20 қаңтар аралығында температура фонының түнде -30-38°С-қа дейін төмендеуі болжанады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 15 қаңтарда жолдарда көктайғақ күтіледі.
Алматы қ.: 15 қаңтарда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шымкент қ.: 15 қаңтарда оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
15 қаңтарда күннің екінші жартысында Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, облыстың таулы аудандарында екпіні – 23-28 м/с.
15 қаңтарда Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
15 қаңтарда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні – 15-20 м/с.
15 қаңтарда Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
15 қаңтарда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында қар, күндіз жауын-шашын (көбіне қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, түнде күші 15-20 м/с, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
15 қаңтарда Маңғыстау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
15 қаңтарда Атырау облысында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
15 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
15 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде аздаған қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
15 қаңтарда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с.
15 қаңтарда Ақмола облысында жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
15-17 қаңтарда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты аяз 40 градус күтіледі.
15 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні – 23 м/с.
15 қаңтарда күндіз Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 23-28 м/с.
15 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз күтіледі.
15 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20, екпіні – 25 м/с.