Наурыз мерекесіне орай қарт адамдарға азық-түлік жеткізіледі
Наурыз мерекесіне орай қарт адамдарға азық-түлік жеткізіледі
© Сурет ғаламтордан
153
оқылды
Азық-түлік салынған 5000 себет Қазақстанның 18 қаласында зейнет жасындағы адамдарға жеткізіледі Жеткізу бойынша еріктілер RG Brands компаниясының қызметкерлері. Олар себетті өзінің егде жастағы көршілеріне үйдегі байланыссыз әдіспен жеткізеді. "Үйде қалыңыз. Біз сіздерді жақсы көреміз және қамқор боламыз. Біздің бастаманың халыққа айтары осы. СOVID -19 пандемиясының қаупіне ілінген аға ұрпаққа ерекше назар аудару қажет деп санаймыз. Карантин және шектеулі қозғалыс жағдайында біз сізді қорғап, сіздің денсаулығыңызға қамқорлық жасағымыз келеді. Наурыз мерекесі кезінде бір-біріне қонаққа бару керек. Осы жылы әдеттегі мереке тар отбасылық форматқа ауыстырылады. Кейбіреулер үшін телефон арқылы қоңырау соғумен шектеледі. Осы жағдайларда, біз жылу мен қамқорлық сыйлағымыз келеді. Компанияларды, қоғамдастықтың белсенді адамдарды бұл мейірім эстафетасын қабыл алып осы қиын жағдайда біздің қарт адамдарға қолынан келгенше көмек көрсетуге шақырамыз", – дейді еріктілер.