«Қазгидромет» болжамына сәйкес, Қазақстан аумағында әртүрлі қарқындылықтағы жауын-шашын күтіледі. Бірқатар өңірлерде қар жауады, кей жерлерде қалың қар түседі, ал елдің оңтүстігінде ылғалды қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжанады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кейбір облыстарда желдің екпіні 15–23 м/с-қа дейін күшейеді. Таңертең және кешкі уақытта жекелеген өңірлерде тұман күтіледі.
Елдің басым бөлігінде түнгі, таңғы және кешкі мезгілдерде ауа температурасы нөлден төмен болады.
Елдің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды.
Дауылды ескертулер сақталады:
Солтүстік Қазақстан облысында 13-17 қаңтар аралығында, Ақмола облысының солтүстік-шығысында 14-18 қаңтар аралығында, Павлодар облысында 14-21 қаңтар аралығында, Шығыс Қазақстан облысында және Абай облысында 15-22 қаңтар аралығында, Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 16-20 қаңтар аралығында температура фонының түнде -30-38°С-қа дейін төмендеуі болжанады.
Түркістан облысында 16-17 қаңтарда жауын-шашын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. 17 қаңтарда ауа температурасы түнде және күндіз 0-5, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 8-13 градус аязға дейін төмендейді.
Шымкент қ.: 17 қаңтарда түнде және күндіз 1-3 градус аязға дейін төмендейді.
Жамбыл облысында 16-17 қаңтарда қар, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, оңтүстігінде, облыстың таулы аудандарында қатты қар күтіледі. Кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 10 градус аязға дейін, 17 қаңтарда түнде 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 16-21 градус аязға дейін, күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13-18 градус аязға дейін төмендейді.
Алматы облысында 16 қаңтарда қар жауады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар жауады. 17 қаңтарда қар, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар жауады. 16-19 қаңтарда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ, 16-17 қаңтарда жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Ауа температурасы 16 қаңтарда түнде 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13-18 градус аязға дейін, күндіз 2-7, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 10-15 градус аязға дейін, 17 қаңтарда түнде 12-17, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 20-25 аязға дейін, күндіз 8-13, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 16-21 градус аязға дейін төмендейді.
Алматы қ.: 16-19 қаңтарда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі.
Жетісу облысы 16 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты қар күтіледі. 17 қаңтарда облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, бұрқасын. Облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Ауа температурасы 16 қаңтарда түнде 10-15, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 19-24 градус аязға дейін, күндіз 5-10, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 13-18 градус аязға дейін, 17 қаңтарда түнде 15-20, облыстың шығысында, орталығында 20-25 градус аязға дейін, күндіз 10-15, облыстың шығысында, орталығында 15-20 градус аязға дейін төмендейді.
15-17 қаңтарда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында қатты аяз 40 градус күтіледі.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Шымкент қ.: 16 қаңтарда жауын-шашын, күндіз кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
16 қаңтарда Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын күтіледі.
16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз күтіледі.
16 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 40 градус қатты аяз күтіледі.
16 қаңтарда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 35-38 градус қатты аяз күтіледі.
16 қаңтарда Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с.
16 қаңтарда Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында қар күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
16 қаңтарда Атырау облысында қар, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі.
16 қаңтарда Қызылорда облысының солтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.
16 қаңтарда Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.
16 қаңтарда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.