Директорлар кеңесінің шешімімен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Талғат Ғазизов тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Талғат Ғазизов 1986 жылғы 21 қазанда Астана қаласында дүниеге келген. Ол Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Майами университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дүниежүзі тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған. Кейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық ұйымдарында түрлі позицияларда еңбек етті. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ ақпараттық қолдау және PR ілгерілету департаментінің директоры қызметін атқарды. «AMANAT» партиясы орталық аппаратының Коммуникациялар және талдау департаментін басқарды. AQGroup компаниялар тобында басқарушы директор, «Қазпошта» АҚ филиалы директорының орынбасары болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.