Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата оты­рысы өтті.
Сенаторлар халықаралық конвенцияны ратификациялады
160
оқылды

Онда білім беру саласындағы конвенцияны ратификациялау және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Рес­пуб­лика­сының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының жобасы бойынша Пар­ламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Сенат депу­тат­тарын сайлау туралы мәселелер қаралды.

Отырыс барысында палата депутаттары «Жоғары білім беру саласындағы біліктілікті тану ту­ралы Азия-Тынық мұ­хиты өңірлік конвенциясын ратификациялау туралы» заң­ды қарады. Талқылау кезінде заң еліміздің халықаралық аренадағы ұста­нымын одан әрі нығайтуға, студенттер мен маман­дардың ұтқырлығын арттыруға, сондай-ақ Қазақ­стан мен Ор­талық Азияның білім беру жүйе­лерінің ин­теграциясын терең­детуге ық­пал ететіні айтылды. Ака­демия­лық және кәсіби ұт­­қыр­лықты кеңейтумен қа­тар диплом­дарды, дәреже­лерді және өзге де біліктілік­терді тану рәсімі ай­тарлықтай жеңілдетіледі.

«Қаралған құжат тараптар арасында жоғары білім беру сала­сын­дағы ынтымақ­тас­тықты дамы­туды көздейді. Атап айтқан­да, Конвенция­ның ережелері оған қол қой­ған елдер арасында білік­тіліктің ашық және уақытылы бағалануын қамтамасыз етуге бағытталған. Заңның мақұл­дануы оған мүше мемлекеттер арасында серіктестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ еліміздің білім беру жүйесінің беделін арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз», – деді Сенат Төрағасы.

Сонымен қатар Конвен­ция қазақстан­дық жоғары оқу орын­дарының білім беру қызметтерін экспорттау үшін жаңа нарық­тар ашуды және жаңа білім беру прак­тикалары мен оқыту техно­логия­ларының трансферін көздейді.

Палата отырысында Пар­ламент Сенаты­ның бірқатар де­путаты «Қазақстан Рес­пуб­лика­сын­дағы сайлау туралы» Қа­­зақ­­­стан Республикасының Конс­титуциялық заңына өзгеріс­тер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Конституция­лық заңының жо­басы бойын­ша Парламент пала­таларының бірлескен комис­сиясының құрамына сайланды. Нақты айтқанда, комиссия құрамына Сенаттан Консти­туциялық заңнама, сот жүйесі және құ­қық қорғау органдары коми­тетінің төрағасы Нұрлан Бек­назаров, Экономикалық сая­сат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашев және Консти­туциялық заң­нама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшелері Наурызбай Бай­қадамов пен Мұрат Қадырбек сайланды. Сондай-ақ Нұрлан Бекназаров қосымша баян­дама­шы болып белгіленгенін атап өткен жөн.

Іс-шара барысында сена­торлар өз­дерінің депутаттық сауал­дарын да жолдады.

Бекбол Орынбасаров ауыл­дық округтер әкімдерінің қызметіне функционалдық талдау жүргізуді жеделдетуді, төртінші деңгейдегі бюджет­тердің кірістерін реттеу бөлігінде жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қолдану мони­торингін қам­тамасыз етуді ұсын­ды. Одан бөлек, депутат экология­лық төлем­дер мен табиғи ре­сурс­­тарды пайдаланғаны үшін алымдар­дың бір бөлігін жергілікті деңгейге беру қажет екенін атап өтті.

Евгений Больгерт елдегі төрелік институты мемле­кет­тік реттеуді күшейтуді қажет етеді деп есептейді. Сенатор ұсыныс­тарының қатарында – Әділет министрлігіне тө­релік саласын­дағы уәкілетті органның мәрте­бесін бекіту және төрешілерге біліктілік талаптарын белгілеу туралы бастамалар бар.

Арман Өтеғұлов Алматы­дағы ветери­нария ғылыми-зерттеу ин­ститутының жерін алуға қатысты мәселені көте­ріп, ондағы құрылыс жұмыс­тарын тоқтатуға шақырды. Ол сауалда стратегиялық нысан­ның жерін иеліктен шығару­дың заңдылығына құқық­тық және қаржылық-экономика­лық тек­серу жүргізуді және институтты QazBioPharm холдингінің құры­лымынан шығарып, Ауыл шаруа­шылығы минис­трлігінің тіке­лей қарауына беруді ұсынды.

Ғалиасқар Сарыбаев ве­тери­нариялық қауіпсіздіктің жай-күйіне алаңдаушылық білдірді. Жағдайды жақсарту үшін аса қауіпті аурулар бо­йын­ша қызмет­терді бәсеке­лестік сатып алулар­дан шы­ғару, оларды ұлттық қа­­уіп­­­­сіз­дікке байланысты деп анықтау және мемлекеттік тапсырма ар­қылы мемлекеттік ветеринария­лық стансаларды тұрақты қар­жыландыруды қамтамасыз ету ұсынылды.

Геннадий Шиповских тыйым салынған тауарлар, медициналық қызметтер және инвестициялық жобалармен қатар күмәнді жар­намаларды насихаттайтын бло­гер­лер мен инфлюенсерлерді сынға алды. Азаматтардың әлеу­меттік және қаржылық қауіпсіз­дігіне қауіп төндірмеу және бала­лардың құқықтарын қорғау үшін сенатор күмәнді контент авторларының жауапкер­шілігін заңнамалық деңгейде қатаңдатуды ұсынды.

Жанна Асанова алкоголь, есірткі және токсикомания сал­дарынан мас күйде болған­дарды кең инфрақұрылымы мен заман­ауи технологиялары бар жеке зерт­­хана­ларда ме­дициналық куәлан­дыру жүр­гізуге рұқсат беру орынды қадам екенін айтты.

Сұлтан Дүйсембинов жеке қосалқы шаруашылықтар жүйелі қолдау мен жеке заң қабылдауды қажет ететініне назар аударды. Депутат Ал­маты және Жетісу облыстары­ның ауыл тұрғын­дарымен сала мәселелерін талқы­лағаннан кейін осындай қоры­тындыға келді.

Ернұр Әйткенов сәбіз экс­портына тыйым салуды тоқ­татуға шақырды. Оның ай­туынша, тек Павлодар облысындағы шаруа­лардың қоймаларында 112 мың тоннадан астам өнім бар. Бұл кө­лем елдің ішкі қажеттілігін жабуға ғана емес, сонымен бірге экс­портқа да жеткілікті.

Сәкен Арубаев топырақты зерттеу деректеріне сүйене оты­рып, Қазақстанның өсімдіктер дүниесін қорғау саласындағы жүйелі проб­лема­ларға тоқталды және олар­ды шешу жолдарын тілге тиек етті.

Бибигүл Жексенбай барлық облыстағы аудандық газеттердің архивтеріне тү­гендеу жүргізуді және аудан­дық баспасөз ар­хивтерін сақ­тау, цифрландыру, мемлекеттік архивтерге беру жөніндегі бірыңғай ұлттық стан­дарт әзірлеуді ұсынды. Депу­таттың пікірінше, мұрағаттардың жо­ғалуы құқық­тық және басқа да сын-қатерлерді тудырады.