Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төраға­лы­ғымен өткен бюро отырысында палатаның ал­дағы жалпы отырысының күн тәртібінің жобасы нақ­тыланды.
Қазақ-қырғыз арасындағы келісімді қарайды
104
оқылды

Депутаттарға «2003 жылғы 25 жел­тоқсандағы «Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі мен Қыр­ғыз Республикасы­ның Үкіметі арасындағы шекара арқылы өткізу пунк­ттері туралы келі­сім­ге өзгеріс енгізу тура­лы хаттаманы рати­фика­циялау туралы» заң жо­басын қарау ұсыныла­ды. 

Хаттама арқылы «Ке­ген-авто­жолдық» (Қа­зақстан Рес­пуб­лика­сы) және «Қар­қара-авто­­жолдық» (Қырғыз Рес­пуб­ликасы) өткізу пунк­тінің жұмыс режи­мін «тәуліктің жарық уақы­тынан» «тәулік бойы» деп өзгерту көз­делген. Өткізу пунк­тінің жұмыс режимін өзгерту Қазақстан – Қырғызстан шекара маңы ынты­мақтастығын одан әрі дамытуға, тауар айна­лымын ұлғайтуға және мемле­кеттер­дің туристік саласын­дағы ынтымақ­тастығын дамытуға ық­пал ететін болады. Сон­­дай-ақ екі елдің шек­а­ра­сында ор­наласқан басқа да авто­көлік өткізу пункт­терін­де жолаушы­лар ағынын азай­туға септігін тигізеді.

Сонымен қатар жал­пы оты­рыс­тың күн тәр­тібінің жобасына 2016 жылы 6 қазанда Монреал­да қол қойыл­ған Халық­аралық аза­мат­тық авиа­ция туралы кон­­вен­­­цияның 50 а) және 56-бап­тары­ның өз­геруіне қа­тысты хат­тама­ларды рати­фика­ция­лау туралы заң жо­басы енгізілді. Бұл құ­жат­та Халық­аралық Азамат­тық авиация ұйы­мы кеңесінің және Аэро­нави­гациялық ко­мис­сия­ның сандық құрамын ұл­ғайту қарас­тырылады. 

Бұдан бөлек, қыл­мыс­тық істер бо­йынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропалық ко­нвенцияны ратифика­циялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа қа­был­­дау ұсынылады.