Рауза Меңліахметқызы Қонаева 1934 жылы 10 сәуірде Алматы облысының Шілік ауылында дүниеге келген.
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы Рауза Қонаева өмірден өтті
Фото: imbb.org.kz
212
оқылды

16 қаңтарда Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы, доктор және профессор Рауза Қонаева 90 жасында өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы хабарды Дінмұхамед Қонаев атындағы халықаралық қор жариялады.

Рауза Меңліахметқызы Қонаева 1934 жылы 10 сәуірде Алматы облысының Шілік ауылында дүниеге келген. Ол Меңліахмет пен Зәуре Қонаевтардың отбасындағы ең кіші, он бірінші бала болды. Оның үлкен ағалары мен әпкелері арасындағы жас айырмашылығы айтарлықтай еді, үлкен әпкесі Әмина одан 27 жас үлкен.

Қонаева Рауза Меңліахметқызы - көрнекті ғалым, биология ғылымдарының докторы. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

1957-2016 жылдары Қазақстан Ғылым академиясы жүйесінде еңбек етіп, 250-ден астам ғылыми еңбектің, бірнеше монографияның авторы болды. Қазақстан мен Ресей ғылымын халықаралық деңгейде танытты.

Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы. Оның ғылымға сіңірген еңбегі - ұрпаққа өнеге.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.