Халықаралық NeoScience Olympiad және Coding Olympiad Grand Final сайысы АҚШ-тың Майами–Орландо (Флорида штаты) қалаларында өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Аталған халықаралық жарысқа елімізден 17 оқушы қатысты.
22 елден 400-ге жуық оқушы бақ сынаған халықаралық олимпиадада оқушыларымыз топ жарды.
Олимпиадаға іріктеу онлайн өткізілді. Main Team Organisation ұйымдастыруымен, АҚШ елінде финал болды. Елімізден барған команда ерекше белсенділік танытты. Жүлделі орындар иемденіп, Қазақстанның абыройын халықаралық деңгейде асқақтатты.

Айта кетейік, Neo Science and Coding Olympiads — оқушылар мен жастардың ғылым, технология және бағдарламалау салаларына қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған заманауи халықаралық олимпиада. Ол XXI ғасырдың талаптарына сай, яғни STEM (Science, Technology, Engineering, Mathematics) бағыттарын дамыту үшін ұйымдастырылған.
Олимпиаданың пайда болуына цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, бағдарламалау мен логикалық ойлауға сұраныстың артуы, болашақ мамандарды ерте жастан дайындау қажеттілігі негіз болды.
Neo олимпиадалары теориямен қатар практикалық тапсырмаларға, код жазу, алгоритм құру, ғылыми ойлау дағдыларына ерекше көңіл бөледі. Қазіргі таңда ол көптеген елде өткізіліп, оқушылардың халықаралық деңгейде бәсекеге түсуіне мүмкіндік беріп келеді.

Neo Science and Coding Olympiads — бұл жай ғана жарыс емес, ол болашақ инженерлер мен программистерді тәрбиелейтін, ғылым мен технологияға жол ашатын маңызды білім платформасы. Олимпиада жастардың интеллектуалдық әлеуетін арттырып, елдің ғылыми-технологиялық дамуына үлес қосады.
Гранд Финал Нью-Йорк не Орландо/Маями (АҚШ) соңғы 5 жылдан бері өтіп келеді.
Әр категория бойынша *абсолютті чемпиондар*:
Абсолютті күміс
1. *Курбанкожа Амина* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 8С сыныбы) - AI prompt lab
2. *Рысқали Ләйлім* (Zerdeli International School; 10Г сыныбы) - Биология
Абсолютті қола
1. *Жалгасбаева Ясин* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы) - Биология, Математика
2. *Ержанқызы Адия* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы) - AI prompt lab
Әр категория бойынша жеңімпаздар:
Алтын
1. *Кадралиева Камила* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы) - биология
2. *Курманова Адема* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Дсыныбы)- биология
3. *Дурсунова Асия* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы)- математика
4. *Курбанкожа Амина* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 8С сыныбы)- математика
5. *Худайберганова Нафиса* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 8Д сыныбы) - математика
6. *Ержан Дайана* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9А сыныбы) - AI prompt lab
7. *Саттыклышова Ажар* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 8Д сыныбы)- AI prompt lab
8. *Рысқали Ләйлім* (Zerdeli International School; 10Г сыныбы) - AI prompt lab; онлайн раунд Биология
9. *Бекмагамбетова Ания* (Қасым Қайсен атындағы 27 мектеп лицейі; 10Л сыныбы)- Codecombat
Күміс
1. *Ержанқызы Адия* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы) - Биология, Химия, Codecombat
2. *Жалгасбаева Ясин* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы)- Codecombat, AI prompt lab
3. *Кадралиева Камила* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы) - AI prompt lab
4. *Сайфидин Хадиша* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Б сыныбы)- Математика
5. *Саттыклышова Ажар* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 8Д сыныбы) - Математика, Natural science
6. *Тілеп Айару* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Б сыныбы)- Математика, химия, Codecombat
7. *Дурсунова Асия* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы)- AI prompt lab
8. *Сыздыкова Томирис* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы)- AI prompt lab
9. *Курбанкожа Амина* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 8С сыныбы)- Natural science, Codecombat
10. *Ержан Дайана* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9А сыныбы)- Биология
11. *Худайберганова Нафиса* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 8Д сыныбы)- AI prompt lab
12. *Рысқали Ләйлім* (Zerdeli International School; 10Г сыныбы) - Codecombat, Биология
13. *Бекмагамбетова Ания* (Қасым Қайсен атындағы 27 мектеп лицейі; 10Л сыныбы)- AI prompt lab, Биология
Қола
1. *Кадралиева Камила* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы) - Биология, Codecombat, Математика
2. *Курманова Адема* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы) - AI prompt lab
3. *Угланова Айсана* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9С сыныбы)- AI prompt lab
4. *Сайфидин Хадиша* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Б сыныбы) - Биология, Codecombat
5. *Жанайдар Зере* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Б сыныбы) - AI prompt lab
6. *Тілеп Айару* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Б сыныбы)- AI prompt lab
7. *Дурсунова Асия* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы) - Биология
8. *Сыздыкова Томирис* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9Д сыныбы)- Биология
9. *Ержан Дайана* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 9А сыныбы)- Химия
10. *Худайберганова Нафиса* (Дарынды қыз балаларға арналған Білім Иновация лицейі; 8Д сыныбы) - Natural science, Codecombat
11. *Төлеген Нұрали* (Кәрім Мыңбаев атвндағы 59 мектеп лицейі; 9Ә сыныбы) - Codecombat, AI prompt lab