Әдебиет қоғамды өзгерте ала ма, әлде?
Әдебиеттің қоғамды өзгерт­кен алтын замандары өтіп кеткен - жазушы
188
оқылды

Әдебиет қоғамды өзгерте ала ма, әлде? Бұл сұрақты Aikyn.kz тілшісі  қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы Әлібек Асқаровтан сұрап көрді.

– Әдебиеттің қоғамды өзгерт­кен алтын замандары өтіп кеткен сияқ­ты. Қазір бәрінің қолында смарт­фон, үйде теледидар... Бү­гін­­гі қоғамдық сананы өзгертіп жат­қандар, міне, осылар шығар де­ген ойдамын. Алайда мені жас­тардың әлеуметтік желіге сон­ша­лық­ты үйірсек болып кеткендері алаң­датады. Балалардың далаға шығып ойнауы да, табиғатты қы­зықтап серуендеуі де азайып кетті. Қашан көрсең телефонға жа­бы­сып, шұқшиып отырғандары. Әлеу­меттік желі бүгінгі заманның ұлы жаңалығының бірі, өмірдегі игі­ліктің бір көзі екенін мойын­дай­мыз. Одан іздеген ақпаратың­ды табатының тағы рас. Бірақ ға­­­­лымдар оның адамға тереңдеп бі­лім бере алмайтынын жалықпай ай­тып жүр. «Абай жолы» секілді төрт томдық кітапты телефоннан оқып шығу мүмкін емес қой! Оқиын десең, ақыры соқыр боп шы­ғасың. Сондықтан игіліктің бә­рін ретімен, жөнімен пайда­лан­ған дұрыс. Кітаптың орны бөлек ек­е­нін жастарға уағыздаумен жүр­ген кісінің бірі мына менмін, - деп жауап берді жазушы

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз