Бүгінгі күнге ауа райы болжамы.
Бүгін тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді
Фото: iStock
127
оқылды

«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз аязды ауа  райы күтіледі,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады.

Елдің шығысында өте қатты аяз сақталады — түнде ауа температурасы –45°C-қа дейін төмендейді. Абай облысының шығысында –40°C-қа дейін, Жетісу облысында –27°C, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында –22°C-қа дейін суық болады.

Қазақстанның 12 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.