Жедел-іздестіру шаралары барысында Қызылорда облысының 32 жастағы тұрғыны қолға түскен.
Ақтөбеде көрші облыс тұрғыны есірткімен ұсталды
Фото: gov.kz
132
оқылды

Жеке тінту кезінде күдіктіден ұнтақ тәрізді зат салынған бес орама тәркіленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Кейін жалдамалы пәтерде жүргізілген тінту барысында полиция қызметкерлері қызметтік иттің көмегімен өзіне тән иісі бар ақ түсті ұнтақ заттың қалдықтары салынған ZIP-пакеттерді, сондай-ақ есірткі тұтынуға арналған құралдарды және изолентаны анықтап, тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы 3 грамнан астам болатын психотроптық зат болып шықты. Күдікті Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.