Қырғыз Республикасының азаматы өз елінен Ресейге Қазақстан аумағы арқылы транзитпен бал өнімдерін тасыған.
Ара шаруашылығы өнімдерін заңсыз транзитпен өткізу әрекетіне тосқауыл қойылды
Фото: gov.kz
194
оқылды

Жамбыл облысы Қордай ауданында орналасқан «Қарасу» ветеринариялық бақылау бекетінде ветеринариялық-санитариялық инспекторлар ара шаруашылығы өнімдерін заңсыз транзиттік тасымалдау әрекетінің жолын кесті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгілі болғанындай, Қырғыз Республикасының азаматы өз елінен Ресейге Қазақстан аумағы арқылы транзитпен  DAF  маркалы жүк автокөлігімен бал өнімдерін тасымалдаған. Тексеру барысында өнімге оның қауіпсіздігі мен шығу тегін растайтын міндетті ветеринариялық құжаттардың болмағаны анықталды.

Азаматқа Қазақстан Республикасы   Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы  2-тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл салынды. Тасымалданған ара шаруашылығы өнімдері кері қайтарылды.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті ветеринариялық қызметтің бақылауындағы жүктерді тасымалдауға тек белгіленген ветеринариялық ілеспе құжаттар болған жағдайда ғана рұқсат етілетінін ескертеді.

Аталған талаптарды сақтау ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, сондай-ақ Қазақстан аумағына қауіпті өнімдердің әкелінуі мен транзитінің алдын алу үшін айрықша маңызды саналады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.