Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған.
Жамбылда 155 рет жол ережесін бұзған ессіз жүргізуші ұсталды
202
оқылды

Жамбыл облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері «Қорғау» автоматтандырылған жүйесінің көмегімен жол жүрісі ережелерін 155 рет өрескел және жүйелі түрде бұзып келген  Toyota Camry  автокөлігінің жүргізушісін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құқық бұзушы өзге жол қатысушыларының өміріне қауіп төндіре отырып, 126 рет әдейі жылдамдықты асырған.

Сондай-ақ  29 рет «тоқта сызығы» сияқты жол белгілері талаптарын сақтамай, ережелерге немқұрайдылық танытқан.

Жауапкершіліктен қашып жүрген жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін елемеуі биылғы жылдың басында да жалғасқан. 2026 жылдың қаңтар айының 16 күнінде ол 18 рет жол ережесін бұзған.

Жүргізуші ҚР ӘҚБТК-нің 592 және 601-баптарымен әкімшілік жауапқа тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қасақана және жүйелі түрде бұзу жол-көлік оқиғаларына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді. Жүргізушілерді заң талаптарын сақтауға және өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.