Qanay лақап атымен танылған әнші Нұрболат Қанай отбасында ауыр қайғылы оқиға болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Әншінің айтуынша, оның әкесі өмірден өткен.
Қаралы хабарды әнші әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялап, әкесіне деген соңғы қоштасу сөзін жазды. Ол бұл қаза өзін терең күйзеліске түсіргенін атап өтті. Сондай-ақ қаралы хабарды анасына бірден айтпай, алдымен ауылға жіберу туралы шешім қабылдағанын жеткізді.
Айта кетейік, Нұрболат Қанай бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде 2003 жылы дүниеге келген інісінен айырылғанын айтып, сол кезеңді өміріндегі ең ауыр сәттердің бірі ретінде еске алған еді.