Бұл жұмыс прокуратураның араласуымен іске асты.
Ақмола облысы Атбасар ауданында прокурорлардың араласуымен 156 азаматтың жалақысы төленді
274
оқылды

«Атбасар су» ШЖҚ МКК қызметкерінің жалақының уақытында төленбеуі фактісі бойынша Атбасар ауданы прокуратурасына өтінішіне байланысты 2025 жылға арналған еңбек заңнамасының сақталуын талдау жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде 156 қызметкерге 26 миллион теңге сомасындағы жалақы қарызы толық өтелді.