Алдын ала мәлімет бойынша, газ баллонының жарылысы ғимараттың ішінара қирауына себеп болған.
Ақтөбедегі жарылыс: бес адам ауруханаға түсті
191
оқылды

Ақтөбе қаласында бір қабатты ғимаратта газ жабдығы жарылып, соның салдарынан шатыр көтеріліп, өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Қайғылы оқиға 19 қаңтар күні шамамен сағат 17:45-те тіркелген. Оқиға орнына екі өрт сөндіру көлігі мен жеті құтқарушы жұмылдырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, газ баллонының жарылысы ғимараттың ішінара қирауына себеп болған.

Аудандық ауруханаға жасы 30 бен 60 жас аралығындағы бес адам жеткізілді. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде, ал төртеуі травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

 

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.