Әйгілі актер, марқұм Асанәлі Әшімовтің жұбайы Бағдат Әшімова ұлы Асанәліні туған күнімен құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол ұлына аналық ақ тілегін арнап, марқұм әкесінің арманы туралы айтты.
“Асылымның тұяғы, әкесінің ізбасары, кіші Асекең бүгін 18 жас – кәмелетке толды. Балапаным, өмір жасың ұзақ болсын. Алланың назарында бол, балам. Асқар тау әкең сенің жігіт болғаныңа, ат жалын тартып мінгеніңді аңсайтын… Армандарың орындалсын. Әкеңнің әруағы әрдайым қолдасын”, – деп жазды Бағдат Әшімова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.