Актер әлеуметтік желіде қуанышын бөлісіп, қолдау білдіріп жатқан көрерменге алғыс айтты.
Актер Азамат Сатыбалды "Парасат" орденімен марапатталды
314
оқылды

Белгілі актер Азамат Сатыбалды «Парасат» орденімен марапатталды, – деп жазды Aikyn.kz.

Актер әлеуметтік желіде қуанышын бөлісіп, қолдау білдіріп жатқан көрерменге алғыс айтты. Сонымен қатар жыл жақсы жаңалықпен басталғанын атап өтті.

«Бүгін Президентіміздің жарлығымен «Парасат» ордені иегері атандым. Аллаға сансыз шүкір. Сенім артып, қасымнан табылған жақындарыма алғысым шексіз. Сүйікті де, сүйкімді көрерменім мен жанашыр оқырмандарыма рақмет. Жандарым сол. Бәріңді жақсы көремін. Бәріңе жұғысты болсын. Жаратқанның берері таусылмасын. Жыл жақсы босталды. Тек қана алға!» - деп жазды ол. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.