Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінде ұн тарту цехы жұмыс істейді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өндіріс процесіне тұрақты еңбекпен қамтылған 9 сотталған тартылған. Тәуліктік өндіріс көлемі шамамен 5 тоннаны құрайды. Өнімді өткізу Қазақстан Республикасының ішкі нарығында, сондай-ақ одан тыс жерлерде жүзеге асырылады.
Цехтың қызметі сотталғандарды еңбекке тартуға, олардың қайта әлеуметтенуіне, сондай-ақ шағын бизнестің дамуына және елдің экспорттық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.