Шымкентте жол-көлік оқиғасының соңы жаппай төбелеске ұласты. Желіде оқиға орнында түсірілген кадрлар тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл бейнежазба Telegram желісіндегі Egov.press арнасында жарияланды.
Қаланың Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында он шақты адамның қатысы бар әдеттегі жол-көлік оқиғасы жаппай төбелеске ұласқан.
"Екі автокөлік соқтығысқаннан кейін, жанжалға үшінші көліктегілер араласқан. Нәтижесінде, екі адам ауруханаға жатқызылды; олардың бірі бірнеше жерінен пышақ жарақатын алды, ал екіншісін күшпен қала сыртына апарып тастаған, кейін оның денесі табылды", – делінген бейнежазба сипаттамасында.