Қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлды 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейін көтермек.
Жеке деректерді таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ
www.istockphoto.com
340
оқылды

Дербес деректердің жаппай таралуына қатысты жауапкершілікті күшейту ұсынылды, – деп хабарлады Aikyn.kz сайты. 

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді. 

– Азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмаушылық және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын іске асыра отырып, біз цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне және осы салада «нөлдік төзімділік» саясатына көшеміз. Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейін жеткіземіз, – дейді вице-министр.

Бұдан бөлек, ведомство дербес деректердің жаппай тарап кетуі үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынды.