Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Camry көлігі бағдаршамның қызыл шамында тоқтап тұрған Hyundai Sonata автомобиліне соғылған.
«Қылмыстық топ пен бұған дейін кісі өлтіргендер»: Шымкенттегі адам өліміне қатысы бар 5 адамға іздеу жарияланды
125
оқылды

20 қаңтар күні Шымкент қаласында Ерімбетов  мен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болып, ол қайғылы аяқталған жаппай төбелеске ұласты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Toyota Camry көлігі бағдаршамның қызыл шамында тоқтап тұрған Hyundai Sonata автомобиліне соғылған. Hyundai көлігін қала тұрғыны, 34 жастағы Н.Ешанқұлов басқарған.

Жол апатынан кейін тараптар арасында жанжал туындаған. Toyota Camry ішіндегі адамдарға Lexus LX 570 көлігімен келген тағы төрт белгісіз тұлға қосылған. Ауызша кикілжің төбелеске ұласып, соның барысында М.Қошкенбаевтың мойын тұсынан пышақ жарақаты салынған. Ол ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар  Н.Ешанқұлов пен В. Колесников те түрлі дене жарақатын алған.

Оқиғадан кейін белгісіз адамдар В.Колесниковты күш қолданып, Toyota Camry көлігіне отырғызып алып кеткен. Кейін полицейлер Camry мен Lexus көліктерін анықтап, жәбірленушінің ВАЗ-2114 автомобиліне ауыстырылып, Ордабасы ауданы бағытына алып кеткенін белгілі етті.

Кешкі сағат 19:00 шамасында Темірланов  ауылындағы орталық аудандық аурухана маңынан В.Колесниковтың денесі әртүрлі дене жарақаттарымен табылған.

 

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ ВАЗ-2114 автокөлігіне іздеу жарияланды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Шымкентте 40 жастағы ер адамның өліміне қатысты күдіктілерге іздеу жарияланды.

Адам өлтіру дерегі бойынша 5 адам іздестіріліп жатыр:

Арысбаев Мақсұт Асилханович, 14.07.1990 ж.т.

Қуандықов Жанділда Дүйсенбіұлы, 23.09.1991 ж.т.

Қызбалаев Дархан Алматович, 09.12.1988 ж.т.

Дауласов Марат Қаллыбекович, 02.01.1983 ж.т.

Инкарбеков Рауан Мұратбекович, 27.09.1986 ж.т.

Сондай-ақ қаза тапқан 40 жастағы Василий Колесниковтың қылмыстық топ мүшесі ретінде полиция есебінде тұрғаны, бұған дейін адам өлтіру қылмысы үшін жазасын өтегені хабарланды.