Оған еліміздің түрлі өңірлерінен келген фермерлер мен тауар өндірушілер қатысады.
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
121
оқылды

24-25 қаңтар күндері елордада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оған еліміздің түрлі өңірлерінен келген фермерлер мен тауар өндірушілер қатысады.

Жәрмеңкеде келушілер көкөніс пен жеміс-жидек, ет, сүт және ұн өнімдерін, нан-тоқаш тағамдарын, сондай-ақ табиғи шырындар мен тосаптарды сатып ала алады.

Іс-шара сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Алаш тасжолы, 35Б мекенжайында орналасқан Keryen Joly сауда орталығында өтеді.