Енді тележүргізуші көрерменге жаңа қырынан танылмақ.
Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жаңалығын жеткізді
Фото: instagram.com/sultankyzy
101
оқылды

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде шығармашылықтағы жаңалығын жеткізді , – деп жазды Aikyn.kz.

Айтуынша, енді тележүргізуші көрерменге жаңа қырынан танылмақ. 

Ол комедия жанрындағы фильмге түскен. Алайда нақты кімнің рөлін сомдағанын ашып айтпады. Фильм, 22 қаңтардан бастап еліміздің кинотеатрларында көрсетілмек.

Ләйлә Сұлтанқызы фильмге түсу туралы ұсынысқа бірден келіспегенін жасырмады.

«Әрбір ұсынысты ұзақ ойланып барып қабылдаймын», - деді.

Желі қолданушылары тележүргізушінің жаңа қадамына сәттілік тіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.