Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық IT-кәсіпкерлер Ерзат Дулат пен Мұрат Әбдірахмановты қабылдады.
Отандық стартаптардың жетістігін жоғары бағалады
207
оқылды

Президент Higgsfield AI стартапы­ның техникалық директоры Ерзат Ду­латпен және MA7 Ventures венчур­лік платформасының негізін қалау­шы Мұрат Әбдірахмановпен кез­де­сіп, жасанды интеллектіні эко­но­ми­ка­ға, мемлекеттік басқару ісіне және әлеу­меттік салаға жүйелі түрде енгізу, сон­дай-ақ IT-кәсіпкерлікті, вен­чур­лік және AI-индустрияны дамыту мә­селелерін талқылады.

Президент Higgsfield AI старта­пы­ның жетістігін жоғары бағалап, елі­мізде жасанды интеллект сала­сын­да жаһандық көшбасшы санала­тын компанияның құрылуы зор та­быс екенін айтты.

Мемлекет басшысының айтуын­ша, Қазақстан IT саласындағы ком­па­ниялар тез арада іске қосылып, қар­қынды түрде дамып, әлемдік на­­­рыққа шығатын алаңға айналуы қа­жет. Бұл – негізгі міндет.

Ерзат Дулат Higgsfield коман­да­сының 95 пайызы қазақстандық­тар­дан құралғанын, бұл жастардың әлеуе­тін танытатынын жеткізді. Со­ны­­мен қатар ол AI-индустрияға қа­жет­­ті кадр даярлау және бірлескен бі­лім беру бастамаларын жүзеге асы­ру ісінде мемлекетпен серіктес болу­ға дайын екенін растады.

Мұрат Әбдірахманов венчурлік ин­дустрия мемлекеттердің техно­ло­гиялық дамуының тетігі саналаты­ны­на тоқталды. Бұл орайда Қазақ­стан­ның жаһандық венчурлік ин­дустрия­ның толық қатысушысы болу­ға мүм­­­­кіндігі зор.