Келісімшартта 13-жалақы көрсетілсе, жұмыс беруші төлеуге міндеттеледі.
13-жалақы кімге тиесілі?
www.istockphoto.com
589
оқылды

Жалпы, жұмыс беруші қызметкеріне қай кезде 13-айлықты төлеуі керек. "Жұмыс беруші 13-айлықты төлеуі міндетті ме?" деген сұраққа заңгер Тілеужан Жұмабекұлы жауап берді.

Оның айтуынша, еңбек шартына сәйкес бір жылда қызметкерге 12 еңбекақы төлеу көзделген. Кей ұйымдарда өз қызметкерлеріне 13-жалақы төлеу тәртібі де бар. 

– 13-жалақы төлеу кеңестік қоғамға тән дүние. Қазіргі нарық заманында бұл мәселені әр компания жеке шешеді. Оның өзінде 13-жалақы біртіндеп қызметкердің жетістігі мен еңбек өнімділігіне қарай жыл соңында төленетін сыйақыға айналған. Бірақ бұл да компания құзырындағы шаруа, – дейді Тілеужан Кішкенебаев.

Сондықтан ол 13-жалақы еңбек шартында көзделген жағдайда ғана төленетінін жеткізді. Онда да мұндай ынталандыру әдетте ұйым жарғысында жазылады.

– Егер келісімшартта 13-жалақы көрсетілсе, жұмыс беруші төлеуге міндеттеледі. Алайда келісімшартта бұл туралы сөз қозғалмаса, жұмыс беруші төлеуге міндетелмейді. 13-жалақы деген артықшылықты берсе де, ұйым оны келісімшартта атап көрсетуі тиіс. Еңбек шартында көрсетілмесе оны төлеуге міндеттелмейді, –  деді Тілеужан Жұмабекұлы.