"Коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына бардым. Қысқа мерзімде құрылған Орталық қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап, науқастарды анықтау және есепке алу үшін озық технологияны қолданады", – деп жазды президент.
Сондай-ақ, ол Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі халыққа шынайы ақпарат беруде екенін де атап өтті.Коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына бардым. Қысқа мерзімде құрылған Орталық қалыптасқан жағдайға мониторинг жасап, науқастарды анықтау және есепке алу үшін озық технологияны қолданады. pic.twitter.com/80DsMU54Mg
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 21, 2020
Сонымен қатар мемлекет басшысы коронавирус індетін таралмауы үшін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларындағы карантин режимінің маңызына да тоқталды.Орталықтың негізгі міндеттерінің бірі – халыққа шынайы ақпарат беру. Жекелеген БАҚ пен әлеуметтік желіде жалған мәліметтер таралып жатқан кезде бұл өте маңызды. Коронавирусқа қатысты барлық ресми ақпарат https://t.co/MP6VITqFof сайтында. pic.twitter.com/S4JefD33tW
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 21, 2020
Екі негізгі қалада карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет. Бұл індетке жайбарақат, бей-жай қарауға болмайды. Қойылған талаптарды орындау қажет. Үкімет қысқа мерзім ішінде азаматтарды бетпердемен және антисептиктермен қамтамасыз етуі тиіс. pic.twitter.com/be8kEndCAG
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) March 21, 2020