Премьер-министр Олжас Бекте­нов Ұлттық ғылым академиясы мү­шелері, мемлекеттік орган­дар басшылығы, бірқатар об­лыс әкімдері және бизнес-қоғам­дастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелері, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту мәселе­лері бойынша кеңес өткізді.
Болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат
192
оқылды

Президенттің экономика салаларын цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ғылым мен нақты сектор кооперациясын нығайту, сондай-ақ ғалымдарды қолдау шаралары талқыланды.

Жиынды ашқан Премьер-министр жаңа Конституция жобасын ашық әрі нақты түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. Құжатта қоғамда болып жатқан жоспарлы саяси және экономикалық өз­герістер көрсетіліп, ел дамуының жаңа бағдарлары, оның ішінде білім, ғы­лым және инновация саласындағы басым­дықтар белгіленгені атап өтілді. 

«Ата Заңның жаңа жобасы – бола­шаққа бағдарланған прогрессивті құжат. Онда адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басым­дығы ретінде жария етілді. Біз Конституция жобасында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» жаппай үстемдік құрған, «Әділетті әрі таза Қазақстанды құру» идеясы халықтың кең қолдауына ие болғанын көріп отырмыз. Жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясы басты орынға қойылады. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы саяси жүйенің тұрақтылығы мен сабақтастығын орнықтыра түседі», – деп атап өтті Олжас Бектенов. 

Жаһандық деңгейдегі өзгерістер мен жоғары технологияның қарқынды дамуы және «орта державалар» рөлінің артуы жағдайында конституциялық реформаның заман талабына сай уақытылы жасалған қадам екені баса айтылды.

Талқылау барысында ғылыми ор­та­ның өкілдері жаңа Конституция жоба­сын қолдап, пікір білдірді. Ғылымды мем­лекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде шоғырландыру жөніндегі бастамалар ерекше атап өтілді.

«Жаңа Конституция жобасы адам құқығы мен бостандығын мемлекеттің басты басымдығы ретінде бекітіп қана қоймай, Қазақстанның ұзақмерзімді ғылыми-технологиялық дамуының негізі саналады», – деп атап өтті Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

«Бүгінде медицина ғылымының дамуы – ғылыми прогресс қана емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік пен орнықты денсаулық сақтау жүйе­сін нығайтудың негізгі факторы. Консти­туцияның жаңа жобасында ғылымды мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде қарастыру аса маңызды екені сөзсіз. Бұл ғылыми білім мен зерттеулердің және ғылыми кадрлардың еліміздің қосалқы емес, тікелей стратегиялық ресурсы екенін мойындауды білдіреді», – деді академик Вячеслав Локшин «өмір және денсаулық туралы ғылым» бағытын стратегиялық деңгейге шығару қажеттілігін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Ғылым және техно­логиялар жөніндегі өңірлік кеңестердің маңыздылығы атап өтілді, олар жергілікті жерлерде ғылыми-инновациялық дамуды басқарудың пәрменді тетігі болуға тиіс.

Салалық мемлекеттік органдардың өкілдері ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың іс жүзіндегі нәтижелері туралы баяндама жасады. Өнер­кәсіп және құрылыс министрі Ер­сайын Нағаспаев тау-кен металлургия кешені бойынша соңғы бес жылда сала кәсіпорындары шамамен 150 млрд теңге инвестициялап, 1,5 мыңнан астам жобаны жүзеге асырғанын атап өтті. Әзірлемелерді енгізу тікелей экономикалық тиімділікті және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар физика-математика ғылымдарының докторы, атом энер­ге­ти­ка­сы қауіпсіздігі, басқарылатын тер­мо­яд­ролық синтез, радиоэкология және радиациялық технологиялар саласы бо­йынша профессор Эрлан Батырбеков, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев пікір білдірді. 2025 жылғы желтоқсанда Үкімет бекіткен Ғылымды шоғырландыру аумақтарын құрудың және дамыту тұжырымдамасы ғылыми әлеуетті шоғырландыруға, озық технологияларды жедел енгізуге және ғы­лыми кадрларды даярлауға жағдай жа­сай­тыны атап өтілді. Кремний саласын дамыту мәселелеріне, соның ішінде крем­нийді зерттеу саласындағы іргелі зерттеуге және еліміздің технологиялық дамуы үшін маңыздылығын көрсете отырып, бейінді зауыттар салуға назар аударылды.