Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы рейтиңнен тыс қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұрын ол рейтиңде екінші орында тұрған еді. Бұл туралы журналист Джон Морган X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, алдыңғы рейтиңдегі циклде Ш. Рахмонов жарысқа қатысуға құқығы бар спортшылар қатарында болған. Бірақ соңғы жаңартуда жарақатына байланысты оның аты тізімде көрсетілмеген.
Еске сала кетсек, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізген, онда ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің бірауыздан шығаратын шешімімен жеңген. Жарақаты өткен демалыс күндері белгілі болып, ол балдақпен жүргені видеоға түсіп, кейін ресми мәлімдеме арқылы расталды.
Сонымен қатар тағы бір қазақстандық файтер Асу Алмабаев Мексикадағы UFC турнирінен қол жарақатына байланысты шығып қалған еді.