Taldau Talks подкасының жаңа шығарылымы жарық көрді.
Ғылым мен білім мәселесі талқыланды
168
оқылды

Бұл жолы сарапшылар еліміздегі ғылым және жоғары білім жүйесін дамытуға, жүргізіліп жатқан реформаларға және саладағы сын-қатерлерге қатысты мәселелерді талқылады. Сондай-ақ отандық ғылымның ел дамуына ықпалы, ғалымдардың әлеуетін тиімді пайдалану, қаржыландыру және инновациялық экожүйе қалыптастыру тетіктері кеңінен сөз болды.

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев модераторлық еткен подкасқа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Narxoz Business School деканы Гүлнәр Күреңкеева және Nazarbayev University профессоры Дөрбетхан Сұраған қатысты.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы ғылым және жоғары білім саласын дамыту мемлекеттің маңызды стратегиялық басымдығының бірі ретінде айқындап бергенін атап өтті. Оның айтуынша, Пре­зидент бастамалары жүйелі рефор­ма­лар арқылы ғылымның сапасын арт­тыруға, университеттердің әлеуетін кү­шейтуге және ғылыми нәтижелерді нақты экономикалық өсімге бағыттауға негізделген.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен соңғы жылдарда ғылым және жоғары білім саласында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Президент жанынан Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес құрылды. Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі күшейтілді. Ғылым туралы заңнамаға ауқымды өзгерістер енгізіліп, «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданды. Ға­лым­дарды қосымша қолдау тетіктері қа­лып­тасып, саланы қаржыландыру кө­ле­мі де едәуір артты. Осындай нақты қадамдар Қазақстан ғылымы мен жоғары білімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға оң сеп­тігін тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар қатысушылар бө­лінген қаражаттың тиімді жұмсалуы, ғылым нәтижелерін коммерцияландыру және қолданбалы зерттеулерді күшейту аса маңызды екенін атап өтті. Подкастта жасанды интеллектінің ғылым және жоғары білім жүйесіне ықпалы, оны зерттеу мен оқыту процесіне енгізу, уни­верситеттерді инновациялық орта­лықтарға айналдыру мәселелеріне де баса мән берілді. Мәулен Әшімбаев бұл бағытта адам капиталы айрықша маңызға ие екенін айтты.

«Біз технологиялық серпіліс дәуі­рінде өмір сүріп отырмыз. Жасанды ин­теллект пен жаңа технологияларды тиім­ді пайдалану үшін, ең алдымен, жү­йелі және сыни ойлай алатын күшті кадр­лар дайындауымыз қажет. Ғылым тек академиялық ортаға ғана емес, эко­номиканың нақты секторларын дамытуға да ықпал етуі керек. Мемлекет басшысы атап өткендей, ғылыми әлеует ел дамуына қызмет ететін нақты нәтижеге бағытталуға тиіс», – деді Сенат Төрағасы.

Бұдан басқа, қатысушылар жоғары білім жүйесін одан әрі жаңғырту, уни­верситеттердің академиялық еркіндігін арттыру, ғылым мен бизнес арасындағы байланысты нығайту және халықаралық тәжірибеге мән беру бағытындағы ба­сымдықтарға назар аударды.

Айта кетейік, Taldau Talks – ашық диалогқа арналған подкаст-платформа. Онда ел дамуының өзекті мәселелері және Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді іске асыруға арналған практикалық қа­дамдар талқыланады.