Осылайша, АҚШ долларының бағамы 0,13 теңгеге төмендеді.
Қазақстанда доллар бағамы біртіндеп түсіп келеді
99
оқылды

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 494,63 теңгені құрады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Осылайша, АҚШ долларының бағамы 0,13 теңгеге төмендеді.

Қазақстан Ұлттық банкінің 6 ақпанға белгілеген ресми бағамы — бір доллар үшін 495,10 теңге.

 

Еске сала кетейік, 4 ақпанда сауда нәтижесінде доллар бағамы 498,65 теңге болып, 4,4 теңгеге төмендеген еді. Осылайша, доллар бағамы нарық үшін маңызды саналатын 500 теңгелік «психологиялық межеден» қайтадан төмен түсті.