Тоқаев маска тапшылығы туралы - видео
Тоқаев маска тапшылығы туралы - видео
150
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күрес жұмысын үйлестіретін Шұғыл әрекет ету орталығына барды. Онда ол індеттің алдын алу шараларымен танысып, кезек күттірмейтін маңызды мәселелерге тоқталды. Президент соның ішінде медициналық маскалардың жетіспеушілігін атап өтті .
"Мен әлі күнге дейін бізде жеткілікті бетперде жоқ деп айтқым келеді. Қағаз жүзінде олар жеткілікті. Екінші жағынан, адамдар дәріханаларда әлі де осы маскалардың тапшылығы деп шағымданады. Неліктен? Менің ойымша, бұл алыпсатарлық", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
https://www.youtube.com/watch?v=u0c8Ch3H_lA Сондай-ақ, президент коронавирусқа бейжай қарамауға шақырды.
Бүгін таңертең телеарналардан жаңалық қарасам, сұхбат алып жүрген журналистердің ешқайсында маска жоқ. Тілшілеріміз маска тақпай жүргенде қарапайым адамдар туралы не айтуға болады? Бұл өте қауіпті. Бұл ауруға бейжай қарауға болмайды. Бұл пандемия. Әлем елдерінің түгеліне жуық таралған ауру.  Коронавирус бүгінде 160-тан астам елге жайылды.  Соңғы онжылдықтарда мұндай оқиға болмаған.
https://www.youtube.com/watch?v=pjkFFlrmGsQ   Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 53 адамға жетті. Алматы қаласында – 22, Нұр-Сұлтан қаласында – 28, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1.