Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
Газбен жабдықтауға қатысты заң жобасын қарайды
120
оқылды

Депутаттардың қарауына бірінші оқы­лым­дағы Мәжіліс әзірлеген газбен жаб­дықтау және тауарлық газды үнемді тұтыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамалық түзетулер енгізіледі. 

Заң жобасы газды ұқыпты тұтынуға ынталандыруға, цифрландыруға және оны ішкі нарықта есепке алудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Құжатта жеке газ тарату ұйымдарының қызметін мем­лекеттік реттеу, тариф белгілеу әдіс­терін өзгерту, газ және газбен жабдық­тау саласындағы ұлттық оператордың бақы­лауын күшейту қарастырылған. Тиісті өзгерістер «Мемлекеттік мүлік туралы», «Газ және газбен жабдықтау туралы», «Табиғи монополиялар туралы» және «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдарға енгізіледі.

Депутаттар сондай-ақ Сербия Респуб­ликасымен әскери-техникалық ынты­мақтастық саласындағы, Түрікменстанмен арадағы жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы жаңа заң жобаларын жұмысқа алады.

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ