Астанада «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі Miras республикалық кеңесінің отырысы өтті.
Жаңа Конституция жобасының идеясы айқындалды
176
оқылды

Жиын барысында «Құндылыққа негізделген қоғам: Ұлттық құрылтай көтерген міндеттер мен азаматтық жауапкершілік» тақырыбы талқыланып, мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде танылған мәдениет пен ұлт руханиятын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Алқалы жиынға Мәжіліс депу­таттары, қоғам қайраткерлері, көр­некті қаламгерлер, ғалымдар, үкі­меттік емес ұйымдардың өкілдері және бейнеконференц-байланыс режимі арқылы өңірлердегі партия­ластар қатысты. 

Сөз басында Мәжіліс депутаты, Кеңес төрағасы Аманжол Әлтай елі­мізде мемлекет болашағы үшін айрықша маңызға ие Ата Заңның жаңа жобасы пысықталып жатқа­нын мәлімдеді.

«Ата Заң халықтың алдында, халықпен бірге талқыланып отыр­ғаны – бүгінгі реформаның басты ерекшелігі. Мұның өзі – Мемлекет басшысы алға қойған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырым­дамасының жарқын мысалы. Конституцияның жаңа мәтінінде Егемендігіміздің еңсесін тіктеп, Тәуелсіздігіміздің тұғырын биік­тететін көптеген артықшылықтар бар. Елдің болашағы, ұлттың мүд­де­сі, келер ұрпақ алдындағы жауап­кершілік – мемлекеттің ең басты қағидасы. Оны әрбір азамат қадір­лей­ді, көзінің қарашығындай қор­ғауға тиіс», – деді Аманжол Әлтай.

Жаңа Конституция жобасының басты идеясы ретінде білім мен ғы­лым, мәдениет пен инновация ай­қындалды. Мәселен, 3-баптың бі­рін­ші тармағында, Қазақстан Рес­публикасы қызметінің негіз құ­рау­шы қағидаттары қатарында «та­ри­хи-мәдени мұраны сақтау; төл мә­дениетті қолдау» деп анық жа­зылды. Кеңес төрағасының ай­туынша, бұл өзгерістер – мемлекет болашағы ендігі таңда адами ка­пи­талға және азаматтардың жетіс­тіктеріне тікелей байланысты еке­нін көрсетеді. 

Сондай-ақ жаңа преамбулада басты құндылықтың бірі ретінде «Ұлы Даланың мыңжылдық тари­хы­ның сабақтастығын сақтау» мә­селесі айқын жазылды. Сонымен қатар «Заң мен тәртіп», «Адал аза­мат», «Таза Қазақстан» сияқты құн­ды­лық­тар да преамбуланың өзе­гіне ай­нал­ды. Осылайша, ел ер­теңі, ұлт бо­ла­шағы жолындағы мыз­ғымас мо­ральдық-құқықтық өзгеріс қалануда.

Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракция­сы­ның мүшесі Жанарбек Әшімжанов Ұлттық құрылтайдың соңғы оты­рыстарында көтерілген бастамалар елдің рухани өзегін нығайтуға ба­ғыт­талған жүйелі саясат екенін атап өтті.

«Заманауи қоғамда мәдениет саласының экономикалық әлеуеті жоғары болуы шарт. Бұл туралы Ұлт­тық құрылтайда Мемлекет бас­шысы нақты атап өтті. Бүгінде әлем­де креативті индустрия мем­лекеттердің жалпы ішкі өнімінің елеулі бөлігін құрайды. Өкінішке қарай, бізде бұл көрсеткіш әлі де тө­мен деңгейде. Қазақ киносы, му­зыкасы, анимациясы, әдебиеті іш­кі нарықпен шектелмей, жаһан­дық кеңістікке шығуға тиіс. Бұл үшін не істеу керек? Ұлтымыздың бай мұрасын заманауи талаптарға сай жаңғыртып, авторлық құқықты қорғау жүйесін күшейту, шығар­машылық кәсіп иелеріне салықтық және гранттық қолдау тетіктерін жетілдіру, өңірлік мәдени инфра­құрылымдарды жаңарту ауадай қажет», – деді депутат.

Ал Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Мемлекет басшысы Ұлттық құрыл­тайдың V отырысында ел дамуына қатысты бірқатар маңызды мәсе­леге тоқталып, қоғамның мәдени, рухани жаңғыруы мен әлеуметтік экономикалық дамуына басымдық бергенін атап өтті. 

«Құрылтай барысында көте­ріл­ген бастамалар мен ұсыныстар жұртшылық тарапынан кең қолдау тауып, ел болашағына бағытталған нақты қадамдар ретінде бағаланды. Осы орайда Құрылтайда көтерілген бастамалар бойынша Мәдениет және ақпарат министрлігінің жұ­мыс жоспары әзірленді. Мемлекет басшысы биыл 100 жылдығы атап өтілетін Наталья Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық ба­лалар мен жасөспірімдер теат­рының және Мұхтар Әуезов атын­дағы Қазақ ұлттық драма теат­ры­ның реконструкциялау жұмысын аяқтау міндетін қойды. Осы бағыт­та біз тиісті мемлекеттік орган­дар­мен қаржы мәселесін пысықтап, бұл жұмыстарды дер кезінде аяқтау мақсатында жұмыс жоспарын бе­кіттік», – деді Айбек Сыдықов. 

Сонымен қатар вице-министр­дің айтуынша, Алматы, Абай, Ақ­төбе, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімдіктеріне театрлар салу бо­йын­ша құрылыс жұмыстарын бастауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Осы орайда Қазақстан Азамат­тық Альянсының президенті Бану Нұрғазиева үкіметтік емес ұйым­дар­ға арналған жеке заң қабылдау бастамасы Президент тарапынан қолдау тапқанын мәлімдеді.

«Мықты мемлекет қалып­тас­ты­ру үшін билік пен қоғам ара­сын­да тұрақты диалог орнату керек. Ұлттық құрылтай қоғам мен билік арасындағы ашық әрі сенімді диа­логтың нақты үлгісі болды. Ең маңыздысы, Құрылтайда айтылған бастамалар жай сөз күйінде қалып қоймай, нақты істерге айналды. Құрылтай нәтижелерінің бірі ре­тінде осы үкіметтік емес ұйымдарға арналған жеке заң қабылдау бас­тамасы Президент тарапынан қол­дау тапты. Мұндай заң ең алдымен үкіметтік емес ұйымдардың қыз­метін нақты реттеп, олардың құ­қығын қорғауға, жұмысын ашық әрі тиімді етуге мүмкіндік бере­ді», – деді Бану Нұрғазиева.

Бұл ретте Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталы­ғы­ның директоры Жандос Болдықов Мемлекет басшысы Ұлттық құрыл­тайдың V отырысында цифрлан­ды­ру мен жасанды интеллект арқылы тарихи мұраны сақтау мүмкін­дік­теріне ерекше назар аударғанын атап өтті.

«Құрылтайда ұлттық цифрлық мұра құрылымын құру мәселесі мақұлданып, мұрағаттық мате­риалдар мен тарихи ақпараттарды цифрлық түрде сақтау қажет екені айтылды. Бұл бастама цифрлық мұраны жүйелі түрде жинақтап, сақ­тау және пайдалану үшін ар­найы жасалуда. Ұлттық цифрлық мұра білім беру, ғылым және креа­тивті индустрияларды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл мә­дени мұраны терең талдау, ке­ңі­нен насихаттау және практикалық тұрғыд­а қолдану мақсатында жа­санды интеллектіні қоса алғанда заманауи технологияларды бел­сенді пайдалануға мүмкіндік бе­реді. Нәтижесінде, аталған бас­та­маны іске асыру Қазақстанның өз тарихи тамырын сақтай отырып, цифр­лық дәуірде сенімді дамып келе жат­қан мемлекет ретіндегі ха­лықара­лық имиджін нығайтуға ықпал етеді», – деді Жандос Болдықов.

Осылайша, жиын барысында Ұлттық құрылтайда көтерілген ру­ханият саласындағы негізгі ба­сым­дықтар, отандық театр өнерін да­мытудағы мемлекеттік саясаттың рөлі, музей мен архив саласын цифр­ландырудың маңызы, Ұлттық құ­рылтайда қабылданған ше­шім­дерді жүйелі жүзеге асырудағы үкі­меттік емес ұйымдардың алар орны туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.

Жиынды қорытындылай келе, Кеңес төрағасы Аманжол Әлтай отырыс барысында көтерілген бар­лық мәселе мен айтылған ұсыныс-тілектерге алдағы уақытта да жіті назар аударылатынын жеткізді.

Елнар ЕЛТАЙ