Бұны да жұрт болып, жұмыла жеңеміз!
Бұны да жұрт болып, жұмыла жеңеміз!
5,243
оқылды
Кеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды Үндеу жариялады. Елбасымыз  Үндеуде коронавирустың елімізде таралуын тоқтату үшін нақты қадамдарды айқындап берді. Сонымен қатар, еліміздегі экономикалық қиындықтарды жеңу үшін бір қатар бағыттар белгіледі. Үндеу – осы сын сағатта Елбасының елдің қамын ойлайтын шынайы жанашыры екенін көрсетті. Елбасының еліміздегі қиын кезеңді еңсеру бастамалары уақтылы әрі дұрыс, толық қолдаймыз! Елбасымыз індеттің таралуын болдырмау мақсатындағы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР-да төтенше жағдай енгізу шешіміне және басқа да атқарылып жатқан шұғыл шараларға қолдау білдіріп, жұртты жұмылуға үндеді. Осы орайда, Елбасы бизнес өкілдері мен азаматтарды арнайы құрылатын қорға қаржылай қолдау көрсетуде, жұмысшы жұртқа қолғабыс болуда, аса мұқтаж жандарға көмектесуде бірігу керек екенін атап өтті. Қазақ елі 1990 жылдарда және одан кейінгі кезеңдерде орын алған бұдан да күрделі қиындықтарды Елбасының дара саясатымен біріге отырып еңсерген. Сондықтан, осы кезде сабырлық пен төзімділік таныта отырып, мемлекет қабылдап жатқан шараларды қолдауымыз керек! Бұл тұрғыда, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті осы қиындықтардан өту үшін жұмысын жаңа дейгейде ұйымдастырды. Қашықтықтан оқыту режиміне толығымен көшті. Университет жатақханаларында білім алушылар арасында індеттің таралуын болдырмау үшін санитарлық-эпидемиологиялық ережелер негізінде түбегейлі шаралар қабылдады. Абдрасилов Құрметті жерлестер, әріптестер! Баршаңызды осы уақытша қиындық кезеңінде  бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, қолдау көрсетуге шақырамын.  Сіздердің әрбіріңіздің дендеріңіздің саулығы – мемлекет пен ұлттың байлығы! Сондықтан, әрбір азамат өзін қорғау үшін қажетті шараларды жасауы тиіс. Бұны да жұрт болып, жұмыла жеңеміз!

Б.С. Абдрасилов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Президенті.