Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Нора Джеруто көтерілді. Ол 3 000 метрге жүгіру сайысында үздік нәтиже көрсетті.
Қазақстан Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді
97
оқылды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына Нора Джеруто көтерілді. Ол 3 000 метрге жүгіру сайысында үздік нәтиже көрсетті.

Қазақстандық спортшы 8:46.87 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Нозоми Танака (8:48.22), ал үшінші орынды қытайлық Ло Ся (9:16.18) иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 1 500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болған. Ал Алина Чистякова бессайыста алтын медаль жеңіп алды.