2012 жылғы 12 қазанда Сайрам ауданында алты адам жәбірленушіні ұрып-соғып, кейін оны Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерге алып келген.
«Алты адам жабылып ұрып, жалдамалы пәтерге апарған»: Түркістанда 13 жыл бұрынғы қанды қылмысты тергеу ісі енді ғана аяқталды
379
оқылды

Түркістан облысы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасының арнайы прокурорлары 13 жыл бұрын жасалған кісі өлтіру дерегі бойынша тергеп-тексеруді аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

2012 жылғы 12 қазанда Сайрам ауданында алты адам жәбірленушіні ұрып-соғып, кейін оны Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерге алып келген.

Алты күдіктіге қатысты сотпен күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданды.

Түркістан облысының прокуратурасы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес ешкімнің адамды өмірінен өз бетінше айыруға құқығы жоқ екенін және барлығы заң мен сот алдында тең екенін ескертеді.