Жақында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде түлектерді кәсіби қолдау мақсатында «Цифрлық білім беру аясында жасанды интеллект платформаларын қолдану» тақырыбында семинар өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Іс-шараны Мансап және жұмысқа орналастыру орталығы мен Физика-математика факультеті ұйымдастырды. Семинарға Жетісу облысындағы техникалық, кәсіптік және жалпы білім беру ұйымдарынан 200-ге жуық түлек қатысты.

Басқосуда қатысушылар жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісінде қолдану жолдарын, цифрлық платформалармен жұмыс істеу әдістерін және білім беру саласындағы заманауи инновациялық тәсілдерін меңгерді.
Физика-математика факультетінің «Информатика және білімді цифрландыру» кафедрасының оқытушы-дәріскерлері Гульмира Кастеева мен Айжан Адамбекова, сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект» кафедрасының PhD дәрежелі оқытушысы Рима Абдуалиева семинар спикерлері қатысты.

Іс-шара барысында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Университет түлектерін қолдауға бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.