Тестілеуге ақылы негізде оқуға түсушілер, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіруші түлектер қатыса алады.
Наурыз айындағы ҰБТ-ға өтінішті қашан қабылдайтыны белгілі болды
179
оқылды

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға тіркелу 15-25 ақпан аралығында жүргізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Өтініштер Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайты немесе UTO қосымшасы арқылы қабылданады.

Тестілеуге ақылы негізде оқуға түсушілер, өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіруші түлектер қатыса алады. Талапкерлер тестілеу орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды.

2026 жылы ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады: 3 міндетті және 2 бейіндік пән, барлығы 120 тапсырма. Ең жоғары балл – 140. Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут), ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлерге қосымша 40 минут беріледі.

Ұлттық тестілеу орталығы дайындыққа арналған материалдарды жариялаған. Сонымен қатар тестілеу бағдарламасында калькулятор, периодтық кесте және тұздардың ерігіштік кестесі қолжетімді болады.

 

Айта кетейік, 2026 жылғы қаңтар ҰБТ-сын шамамен 184 мың адам тапсырған. Орташа балл – 64, ең жоғары нәтиже – 138 балл.