Оның мәлімдеуінше, Сабыровқа қатысты деректер Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген.
Украинаның Қауіпсіздік қызметі Нұрлан Сабыровқа қатысты тергеу бастады
Фото: vk.com/nurlan.saburov
167
оқылды

Украинаның Қауіпсіздік қызметі қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабыровқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған ақпаратты адвокат Евгений Пронин өзінің Telegram-арнасында жариялаған. Оның мәлімдеуінше, Сабыровқа қатысты деректер Сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне енгізілген.

«Украинаның Қауіпсіздік қызметі менің арызым негізінде Қазақстан Республикасының азаматы Нұрлан Сабыровтың қылмыстық құқық бұзушылық жасауы мүмкін екеніне байланысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», — деп жазды адвокат.

Тергеу Украина Қылмыстық кодексінің 111-2 бабы 1-бөлігі («Агрессор мемлекетке жәрдемдесу») бойынша жүргізіліп жатқаны айтылды.

Прониннің сөзінше, Сабыров ресейлік қарулы құрылымдардың өкілдеріне материалдық ресурстар дайындап, берген болуы мүмкін. Бірақ бұл мәліметтер әзірге ресми тергеу аясында тексерілетінін атап өтті.

Сондай-ақ адвокат, егер айып тағылып, халықаралық іздеу жарияланған жағдайда, Интерполға мүше елдер аумағында құқықтық салдары болуы ықтимал екенін жеткізді.

Қазіргі уақытта Нұрлан Сабыров тарапынан ресми мәлімдеме жасалғаны туралы ақпарат жоқ.