Браконьерлер 45 ақбөкенді өлтірген – Батыс Қазақстан
Браконьерлер 45 ақбөкенді өлтірген – Батыс Қазақстан
Фото: Интернеттен алынды
305
оқылды
Орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, браконьерлер Батыс Қазақстан облысында 45 ақбөкенді атып өлтірген. Инспекторлар ақбөкендердің өлексесін тапқан. Оқиға Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында болған. Оқиға орнына Жаңақала аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақыртылған.  Дәл осыған ұқсас жағдай 24 қаңтар және 30 қаңтар күндері облыста болған. Ол 71 ақбөкеннің өлексесі табылған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.
«2020 жылы «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК жанынан жеке қауіпсіздік бөлімі және «Сапсан» жедел тобы құрылды, оның міндеттеріне ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК қызметкерлерінің қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ басқа лауазымды тұлғалар тарапынан құқық бұзушылықтарды анықтау кіреді», – деді орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
Жедел іздестіру тобы 12 адамнан құралған. Еске сала кетейік, қаңтар айында жалпы, 13 құқықбұзушылық анықталып, 73 жануардың өлексесі мен 26 мүйіз, 1 қарақұйрықтың өлексесі, 715 келі балық тәркіленді. 13 адамға қатысты «Охотзоопром» материалдары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның ішінде, 16 қаңтар күні Қызылорда облысында жедел топ ақбөкенді заңсыз аулағаны үшін «Охотзоопромның» үш инспекторын ұстаған.