Елордада фотосуретші Әнел Базылованың «Мен жаныңдамын» деп аталатын дебюттік жеке көрмесі өтіп жатыр.
Фотосуретшінің жеке көрмесі
101
оқылды

Экспозиция екі жобаны – «Сай тұр» және «Күннің артынан еру» серияларын біріктіреді. Ортақ идея, ол: әйелдің ішкі күші. Яғни, әйелді медициналық диагнозы арқылы емес, оның мінезі мен тұтастығы арқылы көру. Фотосуретшінің шығармашылығында артық драматизация жоқ, керісінше табиғилық пен шынайы эмоция басым. Жоба қоғамды тереңірек ойлануға, әйел жанын түсінуге және оған құрметпен қарауға шақырады.

Ұйымдастырушы Әлия Сандыбайдың сөзінше, Әнел – Қазақстан үшін өте сирек эстетикалық стильге ие фотосуретші. Онкология, генетикалық дерттермен өмір сүретін адамдардың тағдыры туралы жиірек айту өте маңызды. Өйткені бұл қоғамды инклюзиялық қоғам болуға  жақындатады.

С.БЕГІМБАЙ