«Жастар Рухы» жастар қанаты Ақ­төбе облыстық филиалы Bir tol­qynda атты ашық диалог алаңын ұйымдастырды. Жиынға «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиа­лының төрағасы Ербол Данағұлов, «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова қатысты.
Bir tolqynda: Жастар мен қоғам
99
оқылды

«AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Ербол Данағұлов жастарды әрдай­ым белсенді болуға, жаңа идеялар ұсынуға және қоғамдық іс-шара­ларға белсенді қатысуға шақырды.

Білімдеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыз елі­міздің дамуына үлкен серпін береді. Алдағы 15 наурызда еліміз­дің жаңа Конституция жобасын қабылдау бойынша жалпыха­лық­тық референдум өткізіледі. Сіз­дер­­ді осы маңызды саяси науқанға белсенді қатысуға шақырамын.

Жаңа Конституция жобасында білім мен ғылым және иннова­ция­лар мен технологиялық даму мем­лекеттің стратегиялық бағыты рет­ін­де алғаш рет айқын бекітілді. Ата Заң деңгейінде адам капи­та­лын дамытуға басымдық беріліп, зияткерлік меншік құқығын қор­ғау мен цифрлық ортадағы азаматтар­дың құпиялылығына кеп­ілдік беріледі, – деді филиал төрағасы.

«Жастар Рухы» жастар қана­тының төрағасы Ақерке Искан­дерова жастар әрдайым қоғамның қозғаушы күші екенін, озық ұлт қалыптастыру үшін жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы қажеттігін алға тартты.

– Болашақ  жастардың қолында. Сондықтан қоғамда болып жатқан оқиғаларға араласып, белсенді болыңыздар. Конституцияның жаңа жобасын мұқият оқып шы­ғыңыздар. Онда әр азаматтың құ­қы­ғы, мүмкіндіктері және елі­міздің даму бағыты айқын көр­сетілген. Қазір әлеуметтік желілерде түрлі пікір, кейде шынайы ақпа­рат­қа негізделмеген тұжырымдар тарауда. Жастарды біржақты көзқарасқа ермеуге, міндетті түрде фактчекинг жасап, ақпараттың рас-өтірігін тексеруге шақыра­мын. Алда рефе­рендум. Бұл – әр азаматтың өз ұстанымын білдіре­тін маңызды науқан. Әрқайсы­сы­мыз саналы түрде таңдау жасап, азаматтық позициямызды көр­сетуі­міз қажет, – деді ол.

Кездесу соңында жастар спи­керлерге сұрақ қойып, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Елнар ЕЛТАЙ