«Париждік» клуб екі миллион еуро көлеміндегі қарыздың соңғы бөлігін төлеуден бас тартып жатыр.
ПСЖ мен Мбаппе арасындағы сот дауы әлі аяқталған жоқ
120
оқылды

Франциялық «ПСЖ» футбол клубы мен оның бұрынғы ойыншысы Килиан Мбаппе арасындағы 2024 жылы басталған сот ісі әлі күнге дейін аяқталмай отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Париждік» клуб екі миллион еуро көлеміндегі қарыздың соңғы бөлігін төлеуден бас тартып жатыр.

L’Équipe басылымының жазуынша, қазіргі уақытта ПСЖ бұрынғы шабуылшысына жалпы қарыздың алты миллион еуросының төрт миллион еуросын төлеген. Осыған байланысты сот процесі әлі жалғасып жатыр.

Бұл даулар 2024 жылдың жазында Мбаппе мадридтік «Реалға» еркін агент ретінде ауысқаннан кейін басталған.

Үш ай бұрын Франция соты футболшыға 60,9 миллион еуро төлеу туралы шешім шығарды. Оның ішінде 55 миллион еуро жалақы мен бонустар, сондай-ақ шамамен 5,9 миллион еуро демалыс өтемақысы мен қарыз өсімпұлы бар. Алайда Килиан бұрынғы клубынан тек 55 миллион еуро алған.

Сот орындаушылары іске араласқаннан кейін ПСЖ қосымша 4 миллион еуро төледі, бірақ әлі де 2 миллион еуро қарыз қалған.

Өз кезегінде париждік клуб шабуылшыға тиесілі барлық төлемдерді әлдеқашан толық аударғанын мәлімдеуде.