Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, ал облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді: 24 ақпанға ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
104
оқылды

Қазгидромет 24 ақпанда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Шымкентте 24 ақпанда таңертең және күндіз жаңбыр жауып, кей уақыттарда тұман болады.

Түркістанда 24 ақпанда түнде және таңертең тұман болып, таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-18 м/с.

Түнде Қарағанды облысының шығысында аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Түнде облыстың шығысында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15 м/с.

Түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Семейде 24 ақпанда ауа температурасы түнде 24-26 аязды көрсетіп, сынап бағаны күрт төмендейді. Түннің бірінші жартысында қар жауып, бұрқасын жүреді, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді, ал облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Өскеменде 24 ақпанда ауа температурасы түнде 21-23 аязды көрсетіп, сынап бағаны күрт төмендейді. Түнде және таңертең қар жауып, бұрқасын жүреді, батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түндегі екпіні - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын жүреді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданындағы екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оралда 24 ақпанда түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығындағы екпіні 15-20 м/с.  

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қостанайда 24 ақпанда тұман болатыны болжанады.

Жамбыл облысының оңтүстіқ-батысында, шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады. Облыстың оңтүстіқ-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Таразда 24 ақпанда кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман, көктайғақ болады. Ақтауда 24 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болатыны болжанады.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында кей уақыттарда қар жауады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18-23 м/с. 

Алматыда 24 ақпанда кей уақытта тұман, көктайғақ болады. Қонаевта 24 ақпанда кей уақытта тұман болып, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақытта екпіні 18-23 м/с дейін жетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.