Олар күн сайын сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді.
Рамазан айында пойыздағы вагон-ресторандар жұмыс тәртібін өзгертті
128
оқылды

Қасиетті Рамазан айының басталуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон-ресторандарының жұмысын арнайы кесте бойынша ұйымдастырады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі айтты.

Компания мәліметінше, жаңа тәртіп 40 вагон-ресторанға қолданылады. Олар күн сайын сағат 08:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Ораза ұстаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында таңғы ас уақыты қосымша сағат 04:00-ден 05:00-ге дейін белгіленген. Осы аралықта жолаушылар ауыз бекітер алдында сәресін іше алады.

Сонымен қатар Рамазан айында вагон-ресторандарда арнайы мәзір ұсынылады. Ауызашар уақытында жолаушыларға су мен құрма тегін таратылады. Бұл кезеңде алкоголь өнімдері сатылмайды.

 

«Жолаушылар тасымалы» АҚ барша мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтап, зор денсаулық, береке және қабыл болар ораза тіледі.