Музейлерге онлайн-саяхат жасауға шақырады
Музейлерге онлайн-саяхат жасауға шақырады
942
оқылды
Қарағанды облысының бес мұражайында онлайн-тур басталды. Тұрғындар үйден шықпай-ақ мәдени мұралармен таныса алады. Бұл өңір тұрғындары ұзақ демалыста зерігіп қалмас үшін жасақталды. Виртуалды турлар облыстың бес мұражайында: Қарағанды бейнелеу өнері, Жезқазған тарихи-археологиялық, Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайында, ҚР Тұңғыш Президентінің Теміртаудағы тарихи-мәдени орталығында және Долинка қаласындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында қолжетімді. Бұл мұражайларда онлайн-экскурсиялар барлық залдар бойынша өткізіледі. Ал бейнелеу мұражайында Наурыз мейрамына арналған тақырыптық көрмені виртуалды көруге болады. – Біз мұражайымызда «Наурыз – көктем мерекесі» көрмесін 13 наурызда ашқан болатынбыз. Көктемгі экспозиция мұражай қорынан құрылды. Онда қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері ұсынылған. Виртуалды экскурсия екі тілде жүргізіледі және Muz-kar-izo.kz сайтында қол жетімді, – дейді бейнелеу өнері мұражайының ғылыми қызметкері Назерке Жартын.  
Виртуалды саяхатқа келесі сілтемелер арқылы кірігу болады: Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы – https://youtu.be/AyrAemr_rRY; Теміртау қалалық тарихи-өлкетану мұражайы – https://youtu.be/4g71zxIYkVM; ҚР Тұңғыш Президентінің тарихи-мәдени орталығы – temcenter.kz; Долинка кентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайы – karlagmuseum.kz.

Ләззат Қожахметова, Қарағанды облысы.