Ол ел тарихында бұл белесті бағындырған тұңғыш спортшы
«3 алтын, 1 күміс»: Қазақстандық 20 жасар конькиші қыз әлем біріншілігінде айды аспаннан шығарды
138
оқылды

Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль алып, тарихи жетістікке жетті!

Сонымен қатар К. Шумекова көпсайыстың кіші түрінде (жекелей қашықтықтардың жиынтығы бойынша) бірінші орын алды. Осылайша, ол ел тарихында бұл белесті бағындырған тұңғыш спортшы атанды.

Қорытынды есепте ол 156.001 ұпай жинады.

Айта кетейік, бұған дейін Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында алтын медаль жеңіп алған еді.