Көлік министрлігінің мәліметінше, Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады.
Таяу Шығыс елдерінен келген ұшақтар Қазақстан әуежайларына қонды
Фото: iStock
125
оқылды

4 наурыз күні Таяу Шығыс елдерінен қайтарылған Қазақстан азаматтары мінген ұшақтар ел әуежайларына келіп қонды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Air Astana компаниясы Медина мен Жиддадан бірнеше рейс орындады:

KC2202 рейсі Ақтау қаласына сағат 21:28-де қонды, бортта 142 адам болды;

KC2208 Медина – Атырау бағыты бойынша сағат 01:19-да қонды, 145 адам;

KC2206 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 02:50-де қонды, 174 адам;

KC2204 Жидда – Атырау бағыты бойынша сағат 03:34-те қонды, 179 адам болды.

Сонымен қатар SCAT әуе компаниясы Boeing 767 әуекемесімен Алматы – Маскат – Алматы бағыты бойынша рейс орындалып жатыр. Ұшақта шамамен 290 орын бар.

Қазіргі таңға дейін Қазақстанға 946 жолаушы қайтарылды.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.